«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің директоры қызметінен кетті

16:40, 21 қазан 2019
1117

Алматы. 21 қазан. 7kun.kz — «Көлсай көлдері» МҰТП директоры Әміржан Малыбеков өз еркімен қызметінен кетті.  Қазіргі кезде Ұлттық парк басшысының міндетін уақытша Мақсат Әлімқұлов атқаруда.

Әміржан Малыбеков  ұлттық паркті 2011 жылдан бері басқарып келген еді.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 13 Ұлттық парк жұмыс істейді. «Көлсай көлдері» табиғи ұлттық паркі 2007 жылдың 7 ақпанында құрылған. 2007-2010 жылдары паркті Жамбыл Мықитанов,  2010 жылы Қуат   Байтұрбаев  басқарған.  

Ұлттық парк аумағында  әйгілі Көлсай, Қайыңды көлдері орналасқан.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!