Коллекторлық агенттіктерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды

15:40, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Ұлттық банк коллекторлық агенттіктерге 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Реттеушінің деректері бойынша, 2019 жылдың II тоқсанында анықталған бұзушылықтардан кейін коллекторлық агенттіктерге қатысты 10 ықпал ету шарасы қабылданды. Әңгіме 1 641 500 теңге сомасына бес әкімшілік айыппұл және жазбаша ұйғарым түрінде бес ықпал ету шаралары туралы болып отыр.

Сондай-ақ, Ұлттық Банкте коллекторлық агенттіктер коллекторлық қызметті жүзеге асыру ережелерін бұзғанын, борышкермен өзара іс-қимыл жасау кезінде теріс пиғылды іс-әрекеттерді жүзеге асырғанын, борышкерге коллекторлық қызмет қағидаларында белгіленген ақпаратты және басқа да бұзушылықтарды хабарламағанын атап өтті.

Бұған дейін Ұлттық банк 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша коллекторлық агенттіктерде 481,9 млрд теңгенің проблемалық несиелері барын хабарлады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!