Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

12:31, 1 қаңтар 2020
1047

Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz — Қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында қайтыс болды.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған. 1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған. 1982 – 1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы — АӨК басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылдары — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды. 1995 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті Агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!