Қ.Келімбетов: АХҚО институттарын құруда әлемнің жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесі пайдаланылды

16:18, 20 қыркүйек 2017
430

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз орталығы барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО институттары жұмысының негізгі бағыттары туралы айтты. Қайрат Келімбетов АХҚО аумағында ұйым қызметін реттеумен айналысатын бірнеше мамандандырылған орталық құрылатынын мәлімдеді.

«Тікелей шетел инвестицияларын тарту үшін ағылшын жалпы құқығының қағидалары мен ережелері жүзеге асырылуы үшін алдымен тиісті институттарды құрған маңызды екенін атап өткім келеді. Маңызды институттардың бірі Орталық аясында қаржы ұйымдарының қызметін реттеумен айналысатын Қаржы қызметтерін реттеу комитеті болады», – деді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін тиісті Халықаралық арбитраждық орталық пен тәуелсіз қаржы соты құрылатынын атап өтті.

«Негізінен бұл Мемлекет басшысының ағылшын коммерциялық құқығының жүйесі енгізілетін болатыны туралы теңдесі жоқ саяси шешімі. Әлемдік қаржы орталықтарының 90%-ы ағылшын жалпы құқығы жүйесінде жұмыс істейтінін, инвесторлар дәл осы жүйеде жұмыс істеуді жөн көретінін атап өткім келеді», – деді Қ.Келімбетов.

Бұдан өзге оның айтуынша, жыл соңына дейін АХҚО-ның жаңа биржасы іске қосылады. Ол жетекші биржалық алаңдардың тәжірибесіне негізделген өзін-өзі реттеу мен реттеу шараларына сәйкес жұмыс істейтін болады.

«АХҚО-ның технологиялық саладағы стратегиялық серіктесі NASDAQ биржасы болады, ол капиталдандыру бойынша әлемде үшінші орынды алады және қазақстандық биржаның сенімді платформасы болып табылады. Сонымен қатар нарықтарымызға өтімділікті тарту үшін, өзге стратегиялық серіктес Шанхай қор биржасымен келісімге қол қойылды», – деді Қ.Келімбетов.

Ол сондай-ақ АХҚО аясында АХҚО-ға және жалпы қаржы секторына мамандарды даярлау үшін Үздіксіз кәсіби білім беру бюросы мен Шетел инвесторларына қолдау көрсетудің халықаралық визалық орталығы құрылатынын хабарлады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!