Кезектен тыс президент сайлауына 9,4 млрд теңге бөлінуі мүмкін

12:44, 15 сәуір 2019

Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – Елдегі кезектен тыс президент сайлауына Үкімет резервінен шұғыл шығындар үшін 9,4 млрд теңге бөлінуі мүмкін.

«ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына — 9 347 885 000 теңге, ал Сыртқы істер министрлігіне 56 886 000 теңге бөлінеді.

Айта кетейік, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау Қаржы министрлігіне тапсырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!