Кәсіби журналистикаға сенім барлық уақытта жоғары болады — Дәурен Абаев

14:12, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кәсіби журналистика мен әлеуметтік желіге қатысты ойымен бөлісті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форумға қатысқан министр шара барысында БАҚ-қа, кәсіби журналистика мен әлеуметтік желіге қатысты екі қызықты сұрақ болғанын атап өтті.

«Мен мынадай екі маңызды дүниені бөле-жара айтар едім: бедел және сенім. Кәсіби журналистикаға сенім барлық уақытта жоғары болады. Өйткені, әлеуметтік желіге қарағанда журналистің материалы жарияланбастан бұрын барлық уақытта да белгілі бір тексеруден өтеді. Болашақта осыған айналып келетіндігімізге сенімдімін және журналистика соңғы ақпарат көзі болады. Ең дұрыс ақпарат көзіне айналады», — деді Дәурен Абаев.

Министр тек қазақстандық қана емес сонымен бірге бүкіл әлемдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына тән кемшіліктердің бар екендігін атап өтті.

«Қазақстандық журналистиканың кәсібилік деңгейі қазірдің өзінде жалпыәлемдік деңгейге жеткендігін атап өткім келеді», — деді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!