Кеңес Рақышев «Amanat» сақтандыру компаниясын сатып алады

16:39, 5 қаңтар 2020

Ұлттық банкі 23 желтоқсандағы
№247 қаулысымен «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ-на «Amanat» сақтандыру компаниясын сатып алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық банк Fincraft-қа «Amanat» сақтандыру компаниясын сақтандыру холдингіне айналдыруға да келісім берген.

KASE-нің мәліметінше «Amanat» СК иесі – кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысов. 2019 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша компанияның жеке капиталы 4,2 млрд теңге, активтері 10,6 млрд теңге. 2019 жылдың 9 айында компания 217 млн теңге табыс тапқан.

Ал құнды қағаздарды шығару, орналастыру, қаржы кеңесшілігі, брокерлік қызметтер, активтерді сенім арқылы басқару қызметтерін атқаратын «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиеселі. Компания 1997 жылы БТА банктің еншілес «БТА Секьюритис» компнаиясы ретінде тіркелген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!