Келімбетов: Жалғыз сенім артуға болатын нәрсе – икемің мен ақыл-ойың

15:15, 18 сәуір 2018

Be A-Pro конференциясында танымал қазақстандық журналист Ольга Каплина «Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының басшысы Қайрат Келімбетовпен жас мамандардың кәсіби өсуі мен олардың мүмкіндігі жайлы ашық сұхбат өткізді. Әңгіме барысында кәсіби тақырыптардан бөлек, Қайрат Нематұлы өзінің отбасы мен әкесінен алған сабақтары жайлы да айтып өтті.

Біз осы сұхбаттың толық нұсқасын жариялап отырмыз.

– Қайрат Нематұлы, Сіз МГУ-де кибернетика және есептік математика факультетінде білім алдыңыз. КСРО-да кибернетикаға қатысты түрлі пікірлер болды, тіпті оны жалған ғылым деп те жатты. Неге сіз аталмыш мамандықты таңдауды жөн көрдіңіз? Сол кезде кибернетика негізінде жататын болжамдар мен анализдердің болашағын көре алдыңыз ба?

– Бүгін Тынымсыз кәсіби даму Бюросының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін жас мамандармен кездесіп, өзімнің тәжірибеммен бөлісуіме керемет мүмкіндік деп білемін. Осы залда отырғандардың жасы ары кетсе 30-дан аспайтын болар. Неге мен жасты сұрап отырмын? Мен 33 жасқа толғанда мемлекет басшысы мені бірінші рет экономика министрі лауазымына тағайындаған болатын, содан кейін мен өзімді жас адаммын деп санауды доғардым (күледі – автор ескертпесі).

Мен аздап 80-жылдар жайлы еске сала кетейін, себебі жас ұрпақ ол кезден хабарсыз болар. Ол кезде КСРО және АҚШ державаларының, ең алдымен, интеллектуалдық және технологиялық қарсыласу уақыты болған. Неге мен бұл туралы айтып отырмын? Себебі, негізінде уақыт еш өзгермеді. Ой-санаға, талант және технологияға бәсекелестік әлі күнге дейін жалғасып отыр. Сондықтан мен үшін бәсекеге қабілеттік, соның ішінде технологиялық жағы мен үшін қызықты міндет болды. Менің ағам МГУ-дің физика факультетінде оқыды, ал мен аңызға айналған РФММ-да білім алдым, менде ЖОО таңдауда сұрақ болған жоқ. Мен есептік математика мен кибернетика факультетіне түстім, қазір оны IT және Computer science деп атайды.

1986 жылы мен бірінші курс студенті болдым және біз ол кезде алгоритмдік тілді, дискреттік математиканы, Тьюринг машинасын және сызықтық бағдарламауды зерттедік.

Менің кафедрам «Операция зерттеу» деп аталды және білім алу экономиканы математикалық модельдеумен тығыз байланысты болды. Бірақ менің жатақханадағы жақын араласатын көршілерім, мысалы, жасанды интеллект кафедрасынан болды.

Енді сіз АҚШ пен КСРО, ал қазір көп жағдайда АҚШ және Қытайдың неге жарыса жүретінін түсіне аласыз. Тек мысал үшін ғана. Го ойыны – негізінде, Қытай шахматы. Айтпақшы, барлығына ойынды көруге кеңес беремін, себебі ол жаңа стратегиялық ойлауды қалыптастырады. Жақында Го-да адамды жеңген Google Alfa Go машинасын ойлап тапты. Бұл – адам үшін өкінішті жаңалық. Екінші нашар жаңалық, олар енді өз-өзімен ойнайтын Alfa Zero машинасын шығарды. Ізденіп, технологиямен жастайымнан танысқан менің жолым болды, бұл әлі күнге дейін жұмысымда көмек береді.

– Адам машинаға жеңіліп жатыр. Осы жылға дейін талай өзгерістер болды. Сіз оқыған шақта компьютер толығымен бір бөлмені алған, қазір бір телефонда бес есе көп мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта өз-өзіңізді дамытуға уақытыңыз бар ма?

– Расымен, қазір технология жылдам дамып жатыр, мектеп пен университетте басталатын, біз білетін классикалық білім уақыты өтті. Білім алу кезінде-ақ технология айтарлықтай өсіп келеді. Бүгінгі үлкен тренд – қаржылық аналитик, ағылшын құқықтарының заңгері, тіпті қарапайым мамандықтардың өзін компьютер алмастырып отыр. Эксперттердің пікірінше, қаржылық секторда алдағы уақытта айтарлықтай өзгерістер болады, себебі адами ресурстарды автомат алмастырады.

– Қорқатындай жағдайға жеттік пе?

– Бұған әркімнің көзқарасы әр түрлі. Менің ойымша, технологияның енуі адамды босатып, оның жаңа, шығармашылық қалыпқа өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан жастардың ойлауы жүйелі, ал білімі жан-жақты болуы аса маңызды. Біз АХҚО Бюросының шекарасында дайындаған білім беру бағдарламасын өзіміз үшін интеллектуалды мағынада «Ironman» деп атадық.

АХҚО Бюросы CFA, ACCA, CIMA және тағы да басқа сертификатталған әлемдік орталықтармен келісім жүргізеді. Біз 9 жаһандық сертификация есептедік, жас қазақстандық мамандарға және кәсіби сертификация өтетіндерге біз АХҚО атынан шығындардың орнын басамыз.

Сонымен қатар, біз Coursera арқылы онлайн және офлайн білім алуға көп мүмкіндік ұсынбақпыз. Жергілікті және әлемдік қаржыгерлерді шақырамыз, олар өздерінің тәжірибесімен бөліседі және барлығы қалауына қарай өзіне ментор таңдай алады. Онлайн қосу офлайн біздің нарыққа ұсынарымыз. Бізде супер міндет бар, біз Қазақстан әлемдік қаржылық қызметтің аутсорсинг орталығы болғанын қалаймыз.

Егер бәсекелестік сұрағына оралатын болсақ, ең ірі ІТ орталықтар – көршілес Ресей, Үндістан, Қытай және Белоруссия мемлекеттері. Егер біз соңғы ерекшеліктермен мықты мамандарды тәрбиелесек, бәсекелестікке аса лайық боламыз.

– Сіз әрдайым жұмыс туралы айтасыз. Өзіңіздің жеке оқуға мүмкіндігіңіз болады ма?

– 80-жылдар келгенде біздің елде айтарлықтай кадр жетіспеушілік болды. Сіздер білетіндей ел басшысы үлкен істерді бастады: «Болашақ» бағдарламасы енгізілді, “әлеуметтік лифттер” пайда болды, кейіннен Назарбаев Университеті құрылды. Бастаушы әлемдік трендтерге бейімделу жүргізілді. Біз стратегиялық мекемелерде жұмыс істеп, осы трендтердің басы-қасында болдық. Негізінде, өз саламда мен түрлі мемлекеттік think tank-тарда болдым, әр күні түрлі кеңесшілермен, әлемнің бастаушы профессорларымен сырласу мүмкіндігіне ие болдым. Мен үнемі үздік университеттермен, Гарвард профессорларымен, Kennedy School-мен қарым-қатынас орнату процесінде жүремін. Және үлкен деңгейдегі адамдармен сөйлескенде, олар саған үлкен көрініс береді. Ұлттық Банкте жұмыс істеп және Стив Шварцман, Рэй Далио сынды жұлдыздармен жолығу арқылы неге ұмтылатыныңды түсінесің. Шынында, мен үйренгенді жақсы көремін, өзімнің ұжымымның мүшелерін де, әріптестерімді де осыған бейімдеймін.

– Осы жылы сіз докторлық диссертация қорғадыңыз. Біз сізді құттықтаймыз. Мен үлкен қызығушылықпен еңбегіңізді оқып шықтым. Сіз тәуелсіз қорлардың елдің бәсекелестігіне әсері жайында анализ жасадыңыз. Өте көп теория, сараптама, эксперттер пікірі және сіз капиталдың табиғи, өнімдік, қаржылық, әлеуметтік және адамзаттық 5 түрі жайында айтып өттіңіз. Адамзаттық капитал туралы сұрағым келеді, бұл қазіргі Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?

– Мені үнемі ұзақ мерзімді бағдарламалар қызықтыратын, мемлекеттің үнемі ұзақ мерзімді көзқарасы болуы керек: не болып жатыр, не болады, бізге қалай өзгеру керек. Менің жеке 20 жылдық тәжірибеме сенсек, батыстың тәсілдерін 100 пайызға пайдалана алмаймыз, оларды сол күйінше қайталау мүмкін емес.

Біз көмірсутектің дәуірі қалай бітіп жатқанына куәміз, бүкіл әлем жасыл энергетикаға көшіп жатыр. Бұл – үлкен есеппен өзінің ресурстарына сенген ел үшін үлкен сынақ. Ресурс дәуірі өтіп жатса, неге сенуге болады?

Жалғыз сенім артуға болатын нәрсе – икем және өзіңнің ақыл-ойың. Сондықтан бәсекелестікті адам басына шаққанда ЖІӨ немесе Ұлттық қорда неше ақша бар деген сынды қарапайым мысалда емес, маңыздығын ұғыну керек. Менің пікірімше, болашақта жаңа экономика жасайтын тұлғаларға назар аудару аса маңызды. Бүгінгі АХҚО бағдарламасы – осы процесс бөлігі.

– Сіздің әкеңіз жазушы болатын. Оның «Үміт үзгім келмейді» деген айрықша туындысы бар. Басты кейіпкер ауруханада жатады, қатты ауырады және өзінің уайымы туралы айтады. Сіздің әкеңіз ұзақ уақыт сырқаттанды, сондықтан да көбісі повесть мазмұны соған байланысты деп ойлайды. Терең уайымнан бөлек, маған кәсібилік тақырып қатты ұнады. Лирикалық кейіпкердің өмір бойы археолог болуды армандаған кісі туралы, бірақ дәрігер болып, енді арманына қолын сілтеп жұмыс істеп жүргені туралы жазғаны. Сіз адам өзінің құмарлығын жұмыстан іздеуі тиіс дегенге сенесіз бе?

– Әрине, сөзсіз. Менің ойымша, кез келген адамның өзінің тағдыры бар және өмірдің мәні соны табуға негізделеді. Мен үшін соңғы күніне дейін жұмыс істегенде әкем өмірлік үлгі тұтарым болып қалды. Мүмкіндігі шектеулі адам болса да, күнделікті өз-өзімен жұмыс істеп, жастармен білгенімен бөлісетін. Соңғы кітабы «Қызғану туралы» деп аталатын. Туындының мағынасы – бізге біреу қызғанышпен қарағанда біз оны «қара» қызғаныш деп білеміз, ал біз қызғансақ, оны «ақ» деп санаймыз. Қызғаншақтықпен күресу туралы ескі өсиет бар. Ең жақын достарыңның жеңісін кешіріп үйрену керек. Қызғаныш деген заттар өзіміз ұмтылатын істерге шектеу қояды.

Біздің отбасыда үнемі бәсекелестік жүреді. Менің жұбайым жақында Сорбонда шеберлік бағдарламасын тәмамдады, мен бір жыл бұрын 3 жылдық кембридждік бағдарламаны бітірдім. Бұл менің балаларымды қатты алаңдатады (күледі – автор ескертпесі), себебі олар кем болғысы келмейді. Мен бәріне үнемі ізденісте болуды тілеймін. Себебі жетістікке жету тәртіптік білімге негізделеді, сіз бір нәрсені ғана емес, бірнеше қосымша заттарды да білуіңіз керек. Бүгінде барлығы ағылшын тілін біледі, оны білмеу ерсі көрініп жатады. Бүгін еліміздегі барлық жұртшылық 3 тілде сөйлеуі тиіс. АХҚО халықаралық департаментінде, мысалы, ағылшын тілінен бөлек қытай тілі және басқа да тілдерді білу артықшылыққа жатады.

– Біздің білуімізше, сіз ұжымыңызға жас, интеллектуал және өршілдерді қабылдайсыз. Бірақ ондай адамдарды басқару қиын. Сіз оны қалай істейсіз?

– Бізде хантинг процесі жүргізілгенде және жастардың түйіндемесін көргенде білімдеріне қарап бірінші кезеңде өте ізденімпаз тұлғаларды көремін. Бірақ жастарда бар мықты дара қасиеттерден бөлек (креативтік, энергетика, білім деңгейі) ұжымда жұмыс істей білуі – өте маңызды.

Егер сіз сыйыса алмасаңыз, бір-біріңнің мықты қасиеттеріңді толықтыра алмайсыңдар, жұмыс істеу қиынға соғады. Менің көзқарасым мынандай: ондай адамдарды жұмысқа салып қоюдың қажеті жоқ, оларға тек максималды еркіндік пен бағыт-бағдар беру керек. Бірақ олардың өмірлік тәжірибе мен даналық сынды кемшілігі болады. Осындайда оларға ментор беру керек, яғни керек уақытта қолдау көрсетіп немесе керекті кеңес берген жөн.

– Міндет халықаралық кластағы қаржылық нарыққа мамандарды даярлау. Өршіл міндет. Осы мақсат қаншалықты жүзеге аспақ?

– Сіз білесіз, көпшілік адамға скептицизм тән. Ол ел тәуелсіздік алғанда болды, жаңа астананы соққанда болды, кез келген реформа кезінде де болды.

Ондай адамдар «бізде ешнәрсе шықпайды, өйткені жағдай бізге қарсы жүреді» деп айтады. Және басқа адамдар тобы бар, олар керісінше жағдай бізге жұмыс істейтіндей ұйымдасқан деп санайды. Секторды бекіту жүріп жатыр, әлемдік қаржылық күйзеліс өтті, қосымша процестерді автоматизация, жаңа технологиялардың пайда болу процесі жүріп жатыр. Менің пікірімше, бұрын-соңды болмаған деңгейдегі өршіл әрі пайдалы АХҚО сынды жобаның уақыты келді.

Біз бүкіл әлем мойындаған, мықты тәжірибелі ағылшын құқығын енгізіп жатқан Посткеңестік кеңістіктегі алғашқы елміз. Бұның өзі жұмыстың үлкен тіреуіші. Біз үздік қаржылық әлем институттары келетін хаб боламыз. Бұл Қазақстанда дамымаған болатын. Бізде капитал басқару жоқ, хедж-фонд жоқ, исламдық құралдар мәдениеті жоқ және қаржылық технологиялар жоқ.

Және біздің серіктестердің бірінші сұрайтыны: кім бар? Сіздерде жұмыс істеуге болатын адамдар бар ма? Дубай бұны 2004 жылдан істей алды. Абу Даби бастады. Уганда және Руанда технологиялар хабына айналды.

Біз жас тұлғаларға таңдау мүмкіндігін береміз: олар ең үздік компанияларда жұмыс істей алады немесе жеке дара өзінікін жасайды. Менің ойымша, біз халықаралық кластағы 3-5 мың адамды дайындасақ, АХҚО жобасы жетістікке жетеді.

Дереккөз: hipo.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!