«Кек алушылар: Финал» фильмі тарихи рекорд орнатты

11:46, 22 шілде 2019
849

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – «Кек алушылар: Финал» фильмі бүкіл әлем бойынша прокаттан 2,7902 млрд доллар жинады. Осылайша, ағайынды Энтони мен Джо Руссо картинасы Джеймс Кэмеронның «Аватар» (2,7897 млрд доллар) фильмін басып озып, тарихтағы ең көп касса жинаған фильм болды, — деп хабарлайды РБК Box Office Mojo деректеріне сілтеме жасай отырып.

Жалпы соманың 854 млн доллары АҚШ-та жиналды. Ал, 1,93 млрд доллар шетелдік кинотеатрлардан түсті. «Кек алушылар» премьерадан кейінгі 13 аптада тарихи рекордты жаңартты, картина АҚШ-та 26 сәуірден бастап шықты. 2009 жылы шығарылған «Аватар» фильмі шығарылғаннан кейінгі бір жылда ең жоғары деңгейдегі фильм болды.

20-шілдеде The Walt Disney Company «Кек алушылар» рекорд орнатқанын хабарлады. Marvel Studious бас директоры Кевин Фэйдж бұл туралы Comic-Con фестивалінде жариялады, онда ол Marin кинофестиваліне келесі жобаларды ұсынды.

Қаззіргі таңда тарихтағы ең кассалық фильмдердің жартысын Marvel жобалары алып отыр. Тізімге «Кек алушылардың» барлық бөлімдері кірді. 2018 жылы шыққан «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильмі бесінші орында — 2,04 млрд доллар, 2012 жылғы «Кек алушылар» жетінші орында — 1,51 млрд доллар, тоғызыншы орында — «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» — 1,4 млрд доллар, ал «Черная пантера» оныншы орынды иеленді — 1,34 млрд доллар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!