KEGOC-тың таза пайдасы 14%-ға төмендеді

12:49, 19 тамыз 2019

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың І жартыжылдығында KEGOC компаниясының таза табысы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2 млрд теңгеден 22,6 млрд теңгеге дейін 13,7%-ға төмендеді.

Компанияның салық салғанға дейінгі табысы 16%-ға қысқарды –2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 33 млрд теңгеден 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 27,6 млрд теңгеге дейін.

Компанияның операциялық пайдасы да азайған, ол есепті кезең ішінде 18%-ға 28,6 млрд теңгеге дейін азайды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың І жартыжылдығында ұйымның жалпы табысы 2018 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 15,6%-ға азайып, 32,3 млрд теңгені құрады.

KEGOC активтері І жартыжылдықтың соңында жыл басынан бастап 2%-ға ұлғайып, 770,9 млрд теңгені құрады. Компанияның капиталы өз кезегінде 1,8%-ға 481,1 млрд теңгеге дейін өсті. Міндеттемелер жарты жылда 2,3%-ға 289,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

KEGOC компаниясы Қазақстанда электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынады.

Компанияның негізгі акционері – 90% акциясы бар «Самұрық-Қазына» болып табылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!