KEGOC пайданың 87%-ын дивидендтерге бағыттайды

15:04, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – KEGOC 2018 жылдың ІІ жарты жылдығындағы дивидендтерді төлеуге 14,2 млрд теңге қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков хабарлады.

«KEGOC-тың таза пайдасы өткен жылы 40 млрд теңгені құрады. Олардың 87,7%-ы акционерлерге дивиденд төлеуге бөлінді. II жарты жылдықта сыйақыға 14,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл акцияға шаққанда 54,53 теңгені құрайды. Шамамен 15 мамырдан кейін төлем жасау басталады», — деді Ботабеков.

Оның мәлімдеуінше, соңғы шешімді акционерлер 3 мамыр күні жылдық жалпы жиналыста қабылдайды. Сонымен қатар, акционерлер жиналысында аудиттің мәселелері талқыланады.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың І жартыжылдығында компания дивидендтерге 20,9 млрд теңге немесе 80,53 теңге жұмсаған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!