ҚДБ теңгелік еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды

18:53, 7 ақпан 2020

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 62,5 млрд теңге көлемінде теңгемен деноминацияланған еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Бағалы қағаздардың айналыс мерзімі 5 жылды құрайды, купондық мөлшерлеме – жылдық 10,75%. Барлық сомаларды төлеу АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Мәміле бойынша есеп айырысулар 12 ақпанда жүргізіледі.

Банктің теңгелік еурооблигацияларын шығару Еуропа мен Қазақстан инвесторлары ұсынды. Инвесторлар Италия, Германия, Швейцария, Лихтенштейн, Франция, Дания және Финляндия — 32%, Қазақстан — 29%, Ұлыбритания — 28% өкілдері болды. 11% — Ресей мен Таяу Шығыс елдерінің инвесторлары.

«Абсолюттік сандарда әңгіме 25-тен астам инвестор туралы болып отыр», — делінген ҚДБ хабарламасында.

Банктің теңгелік еурооблигацияларын шығару бойынша халықаралық инвесторлық кездесулер 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Франкфурт, Цюрих, Лондон және Алматы қалаларында өтті. Ал Halyk Finance, J.P. Morgan, Societe Generale және UBS Investment Bank бірлескен букраннерлері болды.

«Біз теңгелік еурооблигацияларды орналастыру сәтті өтті деп санаймыз, біз мерзімі бойыншада, ставка бойынша да тиімді шарттармен орналастыра алдық. Банктің теңгелік еурооблигацияларына қызығушылық білдірген 13 елдің инвесторларының географиясы ҚДБ сенімді эмитент екендігін және инвесторлар Қазақстанның ұлттық валютасына сенетіндігін көрсетеді », — деді ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚДБ теңгеде деноминацияланған еурооблигациялардың екі шығарылымын жүзеге асырды. 100 млрд теңге көлеміндегі еурооблигациялардың алғашқы шығарылымы 2017 жылдың желтоқсанында және 2018 жылдың сәуірінде 100 млрд теңге көлемінде іске асырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!