ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

11:56, 17 сәуір 2019

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Сандуғаш Кенжебаева «Қазақстанның Даму банкі» (ҚДБ) АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлады KASE.

«Ол ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді, сондай-ақ әдістемені және модельдеуді дамыту тәуекелдерін басқаруға жауапты болады», — делінген хабарламада.

Сандуғаш Кенжебаева Статистика агенттігінде, «Нұрбанк» АҚ және «Астана-финанс» АҚ-да жұмыс істеді. Жаңа лауазымына дейін ҚДБ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚДБ Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев хабарлаған еді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!