Қазына Капитал Менеджментінің еншілес құрылымы 30 млн доллар табыспен жобадан шықты

11:50, 24 мамыр 2018

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазына Капитал Менеджментінің еншілес құрылымы – CITIC Kazyna Investment Fund (қазақстан-қытайлық тікелей инвестициялар қоры) өзінің үлесін 30 млрд долларға сатып, Arctic Green Energy жобасынан табысты түрде шықты. Оның үстіне салынған инвестициясын екі есе ұлғайтты. Бұл туралы LS хабарлады.

Жобадан жартылай шығу Ситик-Қазына қорына бастапқы инвестициялардың толық қайтарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ұйым өзінің қатысу үлесін 11% мөлшерінде перспективалық жобаға қатысуын сақтап қалды. Компания IPO-ға кіруді жоспарлап отырғандығын ескерсек, қордың үлесінің құндылығы одан әрі өсудің барлық алғышарттарына ие.

«Қазына Капитал Менеджмент» жаңартылатын энергия көздерін дамыту бастамаларына және «жасыл» технологиялар негізінде жобаларға қатысуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба біздің инвестициялық стратегиямызды табысты іске асырудың нәтижесі және шетелдік серіктестермен жемісті ынтымақтастықтың келесі үлгісі болып табылады. Бұл ынтымақтастықтың оң нәтижесі Қытайдағы ШЫҰ саммиті қарсаңында қол жеткізілді», – деді ҚКМ төрағасы Асқар Достияров.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!