«Қазпошта» қызметтердің бағасының өзгеруін түсіндірді

16:39, 19 ақпан 2018

 

«Қазпошта» әлеуметтік-жауапты, Қазақстанның барлық аймағында көпшілікке қолжетімді қызметтерді көрсететін компания ретінде, 2014 жылдан бері қызмет түрінің дерлігіне бірдей, баға көлемін арттырған емес. Соған орай, 2014 жылы елде жылдық инфляция 7,4 пайызды, 2015 жылы 13,6 пайызды, 2016 жылы 8,5 пайызды және 2017 жылы 7,1 пайызды құрады», – дейді компанияда.

2015 жылдың тамыз айында ұлттық валютаның девальвациясы болған кезде доллар мен евроның теңгеге байланысты көлемі 2 есе артқан болатын. Компанияның мәліметіне сәйкес, 2014 жылы халықаралық пошта жөнелтілімдерін жіберу құнын есептеу кезінде 1 АСҚ [1] = 284 теңге мөлшерлемесі қолданылды. Содан кейін, 2018 жылдың 5 ақпанында 1 АСҚ көрсеткіші 468 теңгені құрады.

«2014-2018 жылдар аралығында Қазақстанда жанар-жағамай бағалары артты. 2017 жылдың желтоқсанында бензин бағасы 82,1 пайызға өсті. Бұл жағдай, жол арқылы пошта тасымалдау құнының өсуіне әкелді», – дейді компанияда.

Бұдан өзге, 2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның Салық кодексіне де бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Бұл жағдайлардың барлығын ескере отырып, 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап, компания пошта қызметтерінің жекелеген түрлеріне арналған тарифтерді өзгерту туралы шешім қабылдады. Әсіресе, Қазақстан аумағында салмақ дәрежесі мен трафиктік аймағына байланысты пошта жөнелтілім құны өзгерді», – дейді компаниядағылар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!