«ҚазМұнайГаз» 3 млрд долларға еурооблигацияларды орналастырды

14:24, 25 сәуір 2018
537

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жалпы сомасы 3,25 млрд доллар болатын еурооблигациялардың үш траншын орналастырды, деп хабарлады KASE.

Айналым шарттары – 7, 12 және 30,5 жыл. Сонымен қатар, жеті жылдық транш көлемі 500 млн АҚШ долларын құрады, борыштық бағалы қағаздардың кірістілігі – 4,75%. 12 жылдық транш көлемі 1,25 млрд АҚШ долларын құрайды, кірістілік – 5,375%. 30 жылдық транштың көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрады, кірістілік – 6,375%.

«17 сәуірде ҚМГ әрқайсысы 500 млн доллардан кем емес номиналды көлемімен жаңа еурооблигацияларды сатып алу туралы жаһандық өтінімдер жинағын өткізді. Сол күні өтінімдерді жинау аяқталған соң, 230-дан астам инвесторлардың өтінімдері бойынша ұсынылған жиынтық сұраныс шамамен 8,5 млрд долларды құрады», – деп атап өтті компанияда.

Мәмілені Citi, Halyk Finance, JP Morgan, MUFG және UBS ұйымдастырды. Road show 6 сәуірден бастап АҚШ, Қазақстан және Еуропа елдерінде өткізілді.

Жаңа еурооблигацияларды орналастырумен қатар бір мезгілде компания 2020, 2021, 2025 және 2043 жылдары еурооблигациялардың төрт шығарылымын дереу сатып алу туралы ұсыныс жариялады.

Ұсыныс нәтижесінде инвесторлар мерзімінен бұрын еурооблигацияларды 2,959 млрд долларға сатып алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!