«Қазэронавигация» РМК туралы

17:18, 24 тамыз 2022
3428

«Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасындағы ең ірі аэронавигациялық қызмет провайдері. Кәсіпорын ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 маусымдағы №489 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1995 жылғы 22 маусымдағы №133 бұйрығымен  құрылды.

Кәсіпорынның мақсаты ҚР әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және авиациялық персоналды даярлауға, медициналық қамтамасыз етуге деген азаматтық авиация саласының қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

  1. ҚР әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;
  2. ҚР әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын пайдалану;
  4. ҚР әуе кеңістігі пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Кәсіпорын 2 757 300 ш. км әуе кеңістігін бақылайды. Әуе трассаларының жалпы ұзақтығы – 119 055 км. Көршілес мемлекеттермен әуе дәліздері – 73. Орташа алғанда, жылына шамамен 220 мың ұшуға қызмет көрсетеді. Тәулік сайын 700-ден астам әуе кемесін бақылайды.

Деректер ans.kz алынды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!