Қазатомөнеркәсіптің экс-қаржыгері Ұлттық экономика вице-министрі болды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Юсупов ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мейіржан Юсупов 1979 жылы туған. 2001 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін, 2015 жылы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
Еңбек жолын «Туркуаз компаниялар тобы» АҚ департамент директорының орынбасарлығынан бастаған. Кейін «Демир Қазақстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Қорында қызметтер атқарған.
Сондай-ақ ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымындағы мемлекеттік қызметте де болған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2010 жылдың қыркүйек айынан Корпоративтық қаржы және қазынашылық департаментінің директоры лауазымында еңбек жолын бастады. 2015 жылы қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалған.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:37, 21 қаңтар 2021
2020 жылы шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды
-
15:37, 21 қаңтар 2021
2020 жылы шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды
-
11:16, 21 қаңтар 2021
Ұлттық Банк жаңа комитет құрды
-
11:16, 21 қаңтар 2021
Ұлттық Банк жаңа комитет құрды
-
13:45, 20 қаңтар 2021
«Даму» қоры 2020 жылы субсидияландыру бойынша 5000 өтінімді онлайн мақұлдаған
Пікір