Қазатомөнеркәсіп «Каустик» АҚ-дағы акциялар үлесін сатуға шығарды

14:28, 31 шілде 2018
590

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – «Каустик» АҚ-ның 40% акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға 3 млрд 832 млн 701 мың теңге, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сайтында орналастырылған.

Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 22 тамызында Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.

Еске сала кетсек, атом компаниясы «Каустиктің» 40% акциялар пакетін бұған дейін бірнеше мәрте сатылымға шығарған болатын. 2017 жылы желтоқсан айында акциялар пакеті 3 млрд 720 млн 608 мыңға теңгеге, 2017 жылы қазан айында 4 млрд 088 млн 808 мыңға, 2017 жылы тамыз айында 7 млрд 440 млн-ға бағаланған еді.

Айта кетерлігі, «Каустик» АҚ – қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын (6,6 мың т/ж) шығарады.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!