Қазан айында 3000-нан астам алтын құйма сатылды

15:53, 11 қараша 2020

Қазан айында қазақстандықтар екінші деңгейлі  банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 127,6 келі,  3 066 өлшеуіш құйма сатып алды, деп хабарлады Ұлттық банк.

Құймаларды сатып алу жағынан  Алматы қаласы көш бастап тұр (сатылған құймалардың жалпы санынан 53%), одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (23%) болды.

Ал халық кері сатқан алтын құймаларының салмағы 3,2 келі, 128 өлшеуіш құйма болды.

Айта кетейік, алтын құймаларын банктер мен  және банктік емес айырбастау пунктері сатып алады.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Айта кетейік,  Ұлттық Банк халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Содан бері жалпы салмағы 1,37 тонна болатын 37 754 алтын құйма сатылған.

Сатылатын алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Ең көп сатылғаны —  10 г құйма.  Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни,  9 505 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 8 524 дана (23%), 20 грамдық – 8 514 дана (22%), 5 грамдық – 6 667 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 4 544 дана (12%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!