“Қазақтелеком” 2018 жылдың бірінші жартысында ІРО-ға шығады – “Самұрық-Қазына”

14:05, 16 қаңтар 2018

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы «Қазақтелеком», «Қазатомпром» және «Эйр Астана» IPO-ға дайындығы аясында роуд-шоу өткізілетін болады, деп «Самұрық-Қазына» АҚ үкіметімен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

«Қор «Қазақтелеком» АҚ акцияларын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін орналастыру мүмкіндігі қарастырылады», – деді Рахметов сейсенбіде Астанада өткен үкіметтің отырысында.

Оның айтуынша, 2018 жылдың төртінші тоқсанында «Қазатопром» мен «Эйр Астанада» IPO-ны аяқтау жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, орналастырудың соңғы мерзімі компаниялардың қаржылық жағдайын, макроэкономикалық жағдайды, шикізаттың әлемдік бағасын ескере отырып айқындалатын болады. «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпочта» АҚ және ҚТЖ бойынша 2019-2020 жылдарға жоспарланған IPO-ның негізгі параметрлері анықталды», – деді Н.Рахметов.

Бұдан басқа, қор осы жылдың бірінші жартысынан кешіктірмей Мәскеу мен Шанхайда инвестор күндерін өткізуді жоспарлап отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!