Қазақстанның жаңа ішкі істер вице-министрі тағайындалды
Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысының Өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Арыстанғани Расылханұлы Заппаров тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын бітірген.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.
Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысы Полиция департаменті Степнагорск қаласы Полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. 2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады. 2019 жылы сәуір айында Қызылорда облысы полиция департаментіне басшы болып тағайындалды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл