Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15,3 трлн теңгеден асты

14:30, 21 мамыр 2019
369

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15,3 трлн теңгені құрады, оның өсімі өткен жылмен салыстырғанда бюджет тапшылығын қаржыландыру мен теңге бағамының әлсіреуіне байланысты, — деп мәлімдеді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

«Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қарыз көлемі 15 трлн 387 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,8%-ын құрады. 2017 жылмен салыстырғанда өсім 1 трлн 883 млрд теңгені құрады», — деді Смайылов.

«Негізгі себеп бюджетті қаржыландыру және шетел валюталарына қатысты теңге бағамының әлсіреуі болып табылады», — деп нақтылады ол.

Сонымен қатар, министр қарыз жүктемесінің лимиті қауіпсіз деңгейде екенінатап өтті.

Оның мәліметінше, фирмааралық қарызды есепке алмағанда жалпы сыртқы қарыз 57,7 млрд долларды құрады, қарыз 2017 жылмен салыстырғанда 5,4 млрд долларға (10%-ға) қысқарды. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 19,7 млрд долларды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда ол 5,1 млрд долларға (35%-ға) төмендеді.

«Сонымен қатар, үкіметтік сыртқы қарыз бюджет тапшылығы мен бағамдық айырманы қаржыландыру себебінен 1 млрд долларға артты», — деп толықтырды қаржы министрі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!