Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі артты

17:53, 24 наурыз 2017

2017 жылдың қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда көлемі 38,1 пайызға артып, 3,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың қаңтар айында одақ елдерінің бір-бірімен саудасы 2,5 млрд долларды құраған. Ал осы жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 3,5 млрд долларға жеткен. Оның $27,3 миллиарды – экспорт, $14 милларды – импорт. Комиссияның айтуынша, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37,3 пайызға көп.

Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2017 жылдың қаңтарында 4,1 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 пайыз артық. Оның ішінде $2,9 миллиарды — экспорт, $1,1 миллиарды – доллар.

Сыртқы саудада Қазақстан ең көп сауда жасасқан ел – Италия. Елмен болған сауда-саттық көлемі 719,5 млн долларға жетті. Оның  663,5 млн доллары — экспорт, 56 млн доллары – импорт. Екінші орында сауда көлемі 706,8 млн долларға жеткен Қытаймен жасалды. Елмен болған сауда үлесінде экспорт пен импорт үлесі шамамен тең — $372,6 млн және $334,2 млн.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!