Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 7,4 пайызға артты

17:03, 15 шілде 2018
480

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7311,7 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,4 пайызға артты.

Соның ішінде экспорт – 2316,1 млн АҚШ долларын (10,1%-ға өсті), импорт – 4995,6 млн АҚШ долларын (6,2%-ға өсті) құрады. Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,1%, Қырғызстан Республикасына – 4,2%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!