Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 2,6 млрд долларды құрады

13:12, 17 сәуір 2018

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен (ЕАЭО) саудасы 2,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды LS.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың қаңтар-ақпан аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,1%-ға өсті.

Сонымен бірге, ЕАЭО елдеріне бағытталған қазақстандық тауарлар экспорты 839 АҚШ долларын құрады (7,9%-ға өсті), ал импорт 1,7 доллар болды (5,3%-ға өсті).

Қазақстанның одаққа мүше елдермен сыртқы сауда айналымы: Ресей 91,6%, Қырғызстан 4,5%, Беларусь 3,8%, Армения 0,1% құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!