Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады

10:17, 9 қазан 2019

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде төрт орынға көтерілді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеу нәтижелері бойынша, биыл республика 100-ден 62,9 ұпай жинап, 55-ші орынды иеленді (2018 жылы — 59 орын).

Қырғызстан 54 ұпаймен 96 орында болды. Ресей (66,7 ұпай) және Әзірбайжан (62,7 ұпай) сәйкесінше 43 және 58 орындарды иеленді. Украина (57 ұпай) екі позицияға, 86 орынға дейін төмен сырғыды.

Алғашқы орындарда Сингапур (84,8 балл), АҚШ (83,7 балл) және Гонконг (83,1 балл) орналасқан. Соңғы жолдарда Чад (35,1 балл), Йемен (35,5 балл) және Конго (36,1 балл) болды. Рейтингте барлығы 141 ел бағаланды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 100-ден астам индикаторды қамтиды, оның ішінде-инфрақұрылым, АКТ енгізу, макроэкономикалық тұрақтылық, денсаулық, инновациялық әлеует және басқалары бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!