Қазақстанның бензин экпортынан тапқан пайдасы қанша

17:16, 11 қыркүйек 2019
408

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның жанармай экспортынан қанша пайда тапқаны белгілі болды.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында еліміз 6,3 мың тонна бензин экспорттаған. Бұл отын түрін сатудан түскен табыс 1 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, дизель отынын экспорттау бес есеге– 5,5 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстандық дизельдің ең басты тұтынушысы — Ресей, 2,5 млрд теңгеге 13,1 мың тонна. Сонымен қатар, ТМД елдерінен басқа отынның бұл түрі Аргентина мен Сенегалға жіберілді.

Басқа отын түрлеріне келер болсақ, 255,4 млрд теңгеге 1,9 млн тонна мазут және 578,8 млрд теңгеге 15 млрд текше метрден астам табиғи газ сатылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!