Қазақстанның алтын-валюта қоры 11,8%-ға қысқарды

10:59, 18 сәуір 2019

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – ҚР-ның халықаралық резервтері 2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 27 млрд долларға дейін 11,8%-ға азайды, деп хабарлады Finprom.

Алтын-валюта қорының мұндай қысқаруы соңғы жылдардағы елеулі өзгеріс болды. Себебі, жыл ішінде 20,6%-ға төмендеу 2013 жылдың наурыз айында ғана байқалды. Сонымен қатар, халықаралық резервтер көлемінің қысқару себептерінің бірі — бір жылда алтын бағасының 1,8% -ға, бір унция үшін 1325,6 доллардан 1302,3 долларға дейін төмендеуі.

Қазақстанның халықаралық қорындағы алтын үлесі қарқынды өсуде. 2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша резерв құрамындағы алтын 55,5%-ды құрайды, ал 2018 жылдың осы кезеңінде бұл үлес 43,1% болды. Ал валюта 44,5%-ды, бір жыл бұрын 56,9%-ды құрады.

Айта кетейік, жыл ішінде алтын көлемі 13,8%-ға, 13,2 млрд доллардан 15 млрд долларға дейін ұлғайды. Валюта болса 31,8%-ға, 17,5 млрд доллардан 12 млрд долларға дейін қысқарды.

Жалпы, алғашқы екі айда елдердің орталық банктері жаһандық алтын резервтерін 51 тоннаға арттырып, 2018 жылдың қазан айынан бастап ең көп өсімге қол жеткізді. Алтынды сатып алу бойынша көшбасшы Ресей (31,2 тонна), Қытай (10 тонна), Катар (3,1 тонна) және Қазақстан (3 тонна) болды.

2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдік рэнкингте Қазақстан алтын қоры бойынша 14-ші орында тұр —
356,3 тонна.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!