Қазақстаннан 27 трлн теңгенің шығарылғаны туралы ақпарат бұрмаланған

16:24, 27 ақпан 2020
435

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смаилов Қазақстаннан шығарылған 27 трлн теңге туралы ақпарат дұрыс түсіндірілмеген дейді.

«Бұл дұрыс түсіндірілмеген ақпарат болды. Мұның барлығы негізінде — банктер арқылы жасалған операциялар. Жартысы — импорттық тауарлардың төлемі, бір бөлігі — шетелдіктердің көрсеткен қызмет ақысының төлемі. Бір бөлігі — халықаралық займдарды жабуға аударылған. Бір бөлігі Қазақстанға салынған инвестицияларға төленген девиденттер», — деді Смаилов кеше мәжілісте журналистердің сұрағына жауап барысында.

Оның айтуынша мұның ішінде $500 шамасындағы қаражаттың қайтуына қатысты проблема болған. Ол импорттық тауар үшін төленіп, бірақ тауар да, қаражат та келмеген болуы мүмкін.

«Қаражат тауарсыз шығарылуы мүмкін. Немесе экспортқа шығарылып, оның ақысы келмеген болуы мүмкін. Шамамен $500 млн – банк жүйесінен осындай ақпарат келді. Қаржы мониторингі комитеті мұнымен айналысуда. Яғни, мәселенің масштабы
27 трлн теңге емес, бұл банктер арқылы резиденттердің немесе резидент еместер сыртқа аударған заңды қаражаттың жалпы көлемі. Бұл капиталды сыртқа шығару емес», — деді Смаилов.

Айта кетейік, 25 ақпанда Қаржы мониторингі комитеті Қазақстаннан шетелге аударылған 27 трлн теңгенің заңдылығын тексеруде екені туралы ақпарат тараған еді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!