Қазақстаннан қоныс аударғандар саны көбейді

15:29, 20 шілде 2018

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-мамырында елден шығуға тіркелгендердің саны 12,8 мың адам болды, деп хабарлайды  статистика комитеті.

2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ мигранттардың саны 17,3% өскен.

Қазақстанға 5,3 мың адам қоныс аударды, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 25,6% азайды. Сонымен қатар, алғашқы 5 айда елге келгендерге қарағанда елден кеткендердің саны 2,4 есе көбейді.

Көші-қон сальдосы теріс көрсеткіш көрсетті -7,5 мың адам.

Қазақстан мен ТМД елдерінің арасында ең қарқынды көші-қон алмасу деңгейі тіркелді. ТМД мемлекеттерінен келгендердің үлесі 77,3% (4,1 мың адам) болса, дәл осы елдерге қоныс аударғандардың үлесі 88,8% (11,4 мың адам).

5 айда басқа елдерден келген мигранттардың саны 1,2 мың, ал елден кеткендердің саны 1,4 мың адам болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!