Қазақстанға әкелінген көкөністер 2017 жылдың басынан бастап 25 пайызға арзандады

15:57, 15 қаңтар 2018
575

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 16,3 пайызға, импорттық тауарлар бағасы  6 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Жыл басынан бері ферроқорытпалар – 38,3 пайызға, мырыш – 27,2 пайызға, мыс – 25,5 пайызға, көмір – 20,8 пайызға, мұнай – 20,4 пайызға, қорғасын – 14,2 пайызға, ал марганец кені – 18,7 пайызға төмендегені байқалды. Мақта бағасы 7,3 пайызға, бидай – 4,9 пайызға, жүн – 4,8 пайызға төмендеді.

Импорттық өнімдердің ішінде кофе – 17,5 пайыз, шай – 10,8 пайыз, сүт өнімдері – 10,3 пайыз, макарон өнімдері – 7 пайыз, құс еті – 5,1 пайыз, дәрі-дәрмек 2, 8 пайыз, көкөністер – 25 пайыз, жемістер мен жаңғақтар – 2,4 пайыз арзандады. Қағаз бағасы – 10,1 пайызға, тоқыма өнімі – 7,2 пайызға, аяқ киім – 5,4 пайызға қымбаттады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!