Қазақстандықтарға Еуразиялық одақтан жұмыс ұсынды

14:51, 11 қыркүйек 2019
424

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отырған «Шекарасыз жұмыс «Бірыңғай іздеу жүйесі» жобасының іске қосылуын мақұлдады.

Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласында қолданыстағы ақпараттық жүйелер, ЕАЭО бес елінің ұлттық алаңдары негізінде бірыңғай іздеу жүйесі құрылады. Ол кез келген азаматқа немесе жұмыс берушіге Одақтың барлық елдері бойынша бос жұмыс орындарын немесе түйіндемені іздестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жұмыс іздеу немесе персоналды іріктеу, ұлттық ақпараттық жүйелерге әмбебап іздеу сұранымын қалыптастыру, бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу, сондай-ақ интерактивті өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі қажет Одақтың бір немесе бірнеше елдерін таңдау мүмкіндігі болады.

Осылайша, жоба ортақ еңбек нарығын қалыптастыруға, жұмыс күшінің еркін қозғалысы процестерін жеделдетуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жүйе жұмысының бір күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша оған жүгінулер саны 1 млн-нан, жұмыс берушілерден бос орындар мен шақырулар бойынша пікірлер саны тиісінше 100 мыңнан және 10 мыңнан аз болмайды деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, ЕАЭО-ға жалпы 5 ел мүше: Ресей, Қазақстан, Армения, Белоруссия және Қырғызстан.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!