Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 6,92 трлн теңге болды

17:20, 17 мамыр 2017

2017 жылы мамырдың бірінде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жалпы сомасы 6,92 трлн теңге болды. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады.

Аталған мерзімдегі мәлімет бойынша Салымшылардың жеке зейнетақы
шотының (ЖЗШ) саны 10 млн 48 мыңнан асқан. Жыл басынан бері 238 млрд теңгеден астам зейнетақы жарнасы жасалса, ал зейнетақы төлемдерінің жалпы көлемі 91,3 млрд теңгеге жуықтаған.

Ал 2017 жылдың басынан бергі таза инвестициялық табыс 92,1 млрд теңге болған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!