Қазақстандықтардың ТҚЖБ-дегі шоттарында 750 млрд теңге жиналды

11:17, 6 желтоқсан 2019
531

Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (ТҚЖБ) 2019 жылдың 11 айы ішінде қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабаралады.

«Бүгінде еліміздің 1,5 миллион тұрғыны банкке сенім артып, депозиттерінде шамамен 750 млрд теңге жинады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жинаған қаражатқа банк сыйақысымен қоса, жыл сайын мемлекет сыйлықақысы қосылып тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін сыйлықақы мөлшері 20%-ды құрайды. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке тең (2019 жылы 200 айлық есептік көрсеткіш 505 000 теңге) депозит сомасына төленеді», — делінген банк хабарламасында.

Салымшылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаражат жинақтап, баспана сатып алу үшін несиені жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ала алады. Биыл осындай мүмкіндікті ТҚЖБ-нің 45 464 клиенті пайдаланған.

«Жалпы алғанда, олар 479,3 млрд теңге сомасына несие алды. Займның 35,6%-ы банк салымшыларына пәтерді жаңа үйлерден, ал 60,2%-ы қолданыстағы үйлерден сатып алу үшін берілді», — деді банкте.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!