Қазақстандықтардың шығыстары бір жылда рекордтық 17%-ға өсті

10:10, 8 шілде 2022
3511

Қазақстан. 8 шілде. 7kun.kz – 2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығындары бірден жылдық мәнде 16,7%-ға өсіп, жан басына шаққанда рекордтық көрсеткішке 219,7 мың теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Energyprom.kz хабарлауынша, бұл соңғы жылдардағы ең көп өсім көрсеткіші.

Өткен жылдың осы кезеңінде халықтың шығыны жан басына шаққанда 188,2 мың теңге болып, өсім жылына 6,7%-ды құраған еді.

Өңірлік тұрғыа ең көп шығыстар Алматы тұрғындарында байқалды: бір тоқсанда жан басына шаққанда 319,6 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 19,7%-ға артық. Екінші және үшінші орында Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, жылына плюс 15%) және Нұр-Сұлтан (266,2 мың теңге, плюс 14,9%) орналасты.

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалды: 158,2 мың теңге, плюс жылына 6,7%. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен бірден 28%-ға аз.

Шығыстардың ең көп өсімі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды – бірден плюс жылына 30,1%, 245,9 мың теңгеге дейін.

Халықтың барлық шығыстарының 91,9%-ын тұтыну шығыстары құрады: 201,8 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 16%-ға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарларға 109,9 мың теңгені, азық-түлік емес тауарларға 53,2 мың теңге және ақылы қызметтерге 38,8 мың теңге жұмсалған.

Туыстарына материалдық көмек пен алименттерге шығындар 4,1 мың теңгені, қарыздарды өтеуге 13,4 мың теңгені, салықтар, төлемдер және басқа да төлемдерге 437 теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!