Қазақстандықтар жаңа мереке ойлап тапты
Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандықтар жыл сайын қазан айында Нан күнін атап өтеді. Бұйрықты премьер-министр Асқар Мамин берді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«Үкімет қаулы етеді: Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелердің тізімін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер тізіміне келесі тармақ қосылсын: «Нан күні – 16 қазан, 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылар күні – қарашаның үшінші жексенбісі», делінген нормативтік құқықтық актілер банкінің сайтында жарияланған қаулының мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Нан күнін 2017 жылы атап өтуді депутаттар ұсынған болатын.
«Италияда қызанақ күні, Грекияда шарап фестивалі, Голландияда қызғалдақ күні, ал Германияда сыра күні тойланады. Біз Нан күнін жыл сайын кең көлемде атап өтуді ұсынамыз», — деді депутат 2017 жылдың желтоқсанында Парламенттің төменгі палатасының отырысында.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл