Қазақстандықтар визасыз сапарлай алатын елдердің тізімі анықталды

16:54, 20 ақпан 2018

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар үшін визасыз елдердің тізімін жаңартты. Сонымен, Қазақстан азаматтары визасыз тәртіпте саяхаттай алатын елдер тізімі:

  1. Әзербайжан (30 күнге дейін),

2. Албания (90 күнге дейін),

3. Аргентина (30),

4. Армения, Барбадос (28),

5. Беларусь, Бразилия (30),

6. Гонконг (14),

7. Грузия (90),

8. Индонезия (30),

9. Колумбия (90),

10. Корея (30),

11. Коста-Рика (90 күн),

12. Қырғызстан, Македония (90),

13. Малайзия (30),

14. Молдова (90),

15. Моңғолия (90),

16. Намибия, БАӘ  (30),

17. Ресей, Сейшель аралдары, Сербия (30),

18. Тәжікстан, Түркия (30),

19. Өзбекстан, Украина (90),

20. Филиппин (30),

21. Эквадор (30 күнге дейін).

Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін Израильге, Тайландқа, Фиджи және Макаоға визаны жою туралы мәселелер қарастырылып жатыр. Айта кетейік, Кубамен арада визасыз режим күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сыртқы істер министрлігі шетелге баратын Қазақстан азаматтары үшін жалпыға ортақ ережелер мен ұсыныстарды қамтитын ескертпені жасаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!