Қазақстандықтар үш айда 630 млрд теңгеге азық-түлік алды

11:30, 25 сәуір 2018
403

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында бөлшек сауда айналымы 2 трлн теңгеге жетті.

Жалпы көрсеткіштегі азық-түлік мөлшері 31,7 пайыз (631,1 млрд теңге) болды. Тағамдық тауарларға жатпайтындардың үлесі 68,3 пайызды (1,3 трлн теңге) құрады.

Азық-түліктерді тарату көлемі де 2017 жылға қарағанда 1,3 %-ға, ал басқа тауарлардың мөлшері 7,9 %-ға артты.

Соның ішінде ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 57 %-ға, 1,1 трлн теңгеге өсті. Ал, жеке кәсіпкерлер мен қала базарларының көлемі 43 %-ға артып, 873,4 млрд теңгеге жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!