Қазақстандықтар тамыз айында медициналық сақтандыру қорына қанша ақша берді

11:03, 9 қыркүйек 2019
390

Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі кезеңде түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 205,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Оның ішінде 196,2 млрд теңге (95,6%-ға жуық) жұмыс берушілердің аударымдарына, 8,9 млрд теңге (4,4%-ға жуық) — жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасына келеді.

Өңірлер бөлінісінде ең көп сома бұрынғысынша Алматы және Нұр-Cұлтан қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түседі.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберілетін болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!