Қазақстандықтар шетелге 280 млрд теңге жіберді

10:48, 15 тамыз 2019

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Қазақстандықтар 2019 жылдың қаңтар–маусым айларында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 281,8 млрд теңге жіберді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2%-ға көп, деп жазады Ranking.kz.

Дегенмен, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2017 жылға қарағанда жылдық өсім 30%-дан асты.

Халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің арасында үлкен айырмашылықпен «Золотая Корона» көш бастап келеді , шетелге жіберілген қаражат көлемі — 202,4 млрд теңге (жылдық өсім — 24,9%) және жалпы көлемдегі үлесі — 71,8% (бір жыл бұрын — 61,1%).

Екінші орында — Western Union: 35 млрд теңге, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 12,3%-ға аз. Жүйенің үлесі жалпы көлемнен 15%-дан 12,4%-ға дейін қысқарды.

«Юнистрим» көшбасшылар үштігін қорытындылайды: 11,5 млрд теңге — бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,6%-ға аз. Республикадағы үлесі 2 еседен аса, 4,1%-ға дейін төмендеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!