Қазақстандықтар салымдарын қандай валютада сақтайды

10:40, 15 қараша 2019

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — 2019 жылғы қыркүйек айының соңында қазақстандықтардың банктік салымдары өткен жылға қарағанда 4,2%-ға артып, 8,8 трлн теңгені құрады. Мұндай мәліметтерді ranking.kz ұсынды.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жинақ ақшасының негізгі валютасы — теңге: барлық салымдардың 55,6%-ы (4,9 трлн теңге) ұлттық валютада сақталады. Шетел валютасындағы салымдар, өз кезегінде, 44,4%-ды (3,9 трлн теңге) құрайды.

Сондай-ақ, корпоративтік секторда да ұлттық валютаға қызығушылық артты. 2019 жылдың қыркүйек айының соңында заңды тұлғалар салымдарының сомасы 6,7 трлн теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5%-ға артық. Салымдардың теңгелік бөлігі 2018 жылғы 47,8%-дан 2019 жылы 51,2%-ға дейін ұлғайды, ал ақшалай мәнде сома 8,9%-ға, 3,4 трлн теңгеге дейін өсті.

Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бір жылда 5,2%-ға қысқарып, 3,3 трлн теңгені құрады. Үлес 52,2%-дан 48,8%-ға дейін төмендеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!