Қазақстандықтар рубль сатып алуға 70 млрд теңге жұмсады

17:57, 15 қазан 2019
558

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — 2019 жылғы тамызда айырбастау пункттерінің ресей рублін нетто-сату көлемі 70 млрд теңгені құрады — өткен айға қарағанда 43,1%-ға артық, 2018 жылғы тамызға қарағанда 3,1%-ға аз. Жалпы, қаңтар-тамыз айларында Ресей рублінің нетто-сатылым көлемі 426,7 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6%-ға аз. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

ҚР аймақтары арасында тамыз айында Ресей рублінің нетто-сатылым көлемі бойынша әдеттегідей Ресеймен шекаралас облыстар көш бастап тұр. Бірінші орында — ШҚО: 9,9 млрд теңге, жылдық өсім — 5,2%. Екінші орынды БҚО иеленеді: 9,5 млрд теңге, жылдық өсім — 4,3%. Қостанай облысы көшбасшылардың үштігін түйіндейді: 8,3 млрд теңге, бір жыл ішінде 18,6%-ға өсті.

Тамыз айында Ресей валютасының «таза» сатылымы миллиард теңгеден кем соманы құраған аймақтар қатарына Жамбыл (618,5 млн теңге) және Алматы (584,5 млн теңге) облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы (555,4 млн теңге) кірді.

2019 жылғы тамызда рубльдің орташа ресми айырбас бағамы 1 рубль үшін 5,9 теңгені құрады, бұл шілдеге қарағанда 2,8%-ға кем және өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ға жоғары. Тамыз айының соңында бағам 1 рубль үшін 5,84 теңгені құрап, бір айда 4,3%-ға төмендеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!