Қазақстандықтар Ресейде әуежай салады

09:57, 16 қыркүйек 2019

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан мен Қырғызстанның екі мыңға жуық азаматы әуежай салу үшін Тобыл ауданына келді, деп хабарлайды «Тобольск-информ».

«Тобыл ауданындағы әуежайдың құрылысына шетелдік жұмыс күші тартылуда: Қазақстан мен Қырғызстанның екі мыңға жуық азаматы келді. Сегіз ай ішінде 3 764 еңбек патенті рәсімделді», — деді Ресей ІІМ «Тобольский» ҚМ көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы Ольга Кирочкина.

2020 жылы қоймалар, жөндеу шеберханалары және басқа да техникалық инфрақұрылымы бар Тобыл аэровокзалын салу жоспарлануда.

2018 жылы Тобылға 30 мыңға жуық шетелдік болғандығы атап өтілген. Жыл басынан бері қалаға 16 967 шетелдік келді, олардың 6 мыңға жуығы «ЗапСибНефтехимде» жұмыс істейді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!