Қазақстандықтар онлайн несиелер бойынша шынайы мөлшерлемелерді тексере алады

14:06, 21 маусым 2018
446

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк қарыз алушыларға онлайн несиелер бойынша мөлшерлемелерді тексеру мүкміндігін беретін несиелік калькулятор жасап жатыр. Бұл жайлы ведомство басшымы Данияр Ақышев мәлімдеді деп хабарлады LS.

Сенаттың пленарлық отырысында Ақышев жаңа құрал көмегімен әр азамат оңай, онлайн режимде несиелік калькулятор арқылы өзінің несиесі бойынша шынайы мөлшерлемені тексере алады деп түсіндіріп өтті.

«Мұндай калькулятор әдістемесін Ұлттық банк бекітеді және ол біздің сайтымызға қойылады. Калькулятор есептеулері соттағы дауларды шешуде қолдану үшін заңды негіз бола алады. ЖТСМ 100%-дан асатын қарыздарға қатысты шарттарды сот органдары жарамсыз деп танитын болады», – деді ведомство басшысы.

Ол банктік несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 56%-дан аспайтын болғанымен, ал онлайн несиелер бойынша мөлшерлемелер жылдық 700% және одан да жоғары көрсеткіштерге жетуі мүмкін екенін ерекше атап өтті.

«Бұл жағдайда шынайы қорғау шарасы ретінде сыйақы мөлшерлемесін жылдық 100% деңгейінде шектеп, қарыз шарттарында міндетті түрде тиімді сыйақы мөлшерлесін көрсетуді енгізу керек. Аталған норманы дайындау кезінде халықаралық тәжірибе қолданылды», – деп нақтылап өтті Ақышев.

Оған қоса, Ақышев жинақ салымдарын енгізу туралы да түсіндірмелер берді. Ол бұл депозиттің қосымша түрі болатынын мәлімдеді.

«Жинақ салымдары 15 млн теңге мөлшеріндегі қомақты кепілдендіру сомасында әлдеқайда жоғары кірісті қамтамасыз етеді. Қарапайым тенге салымдары үшін бұл сома 10 млн теңгені құрайды. Салымшы салымды талап ету бойынша банкке 30 күн бұрын хабарлама жіберген жағдайда, мерзімінен бұрын оны алу құқығына ие болады», – деді Ақышев.

Сонымен бірге Қазақстан Қаржы Техникалық Қауымдастығы бұрын хабарлағандай, Қазақстанда онлайн қарыздар орташа есеппен бір жылға емес, 23 күнге беріледі. Сондықтан да нарықта жылдық мөлшерлемелерді қолдану дұрыс емес. Кәсіби қатысушылар мөлшерлеме түсінігінен алшақтап, нарықты артық төлемге қарай реттеуді ұсынып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!