Қазақстандықтар 42 млрд теңге салық төледі

14:12, 18 қаңтар 2017
681

Қазақстанда халық мүлкінен жиналған ең көп салық мұнайлы аймақтарға тиесілі. Қызылорда және Маңғыстау облысынан жиналған мүлік салығы 24-25%-ды құрайды. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Атырау облысынан түскен салық түсімі — 14%. Аталған аймақтардағы жеке тұлғалардан жиналған мүлік салығының жалпы үлесі 9%-ды құрайды.

Ал Алматы аумағынан жиналған салық көлемі — 17%-ға, 3,4 млрд теңгеге дейін өсті. Алматы қаласының өзінен жиналған мүлік салығының көрсеткіші — 8% немесе 10,9 млрд теңгені құрайды.

Астана қаласына жиналған мүлік салығы 5,4 млрд теңге шамасында. Жылдық өсім — 11%. 16 аймақтың ішінде салық өсімі Шығыс Қазақстан облысында 2%-ға азайған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!