Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

13:24, 23 сәуір 2018

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – Мамыр айында мейрам және демалыс күндерін қоса есептегенде қазақстандықтар 11 күн демалады.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сәуірдің 28 (сенбі) жұмыс күні болады, ал 30 сәуір (дүйсенбі) – демалыс.

Осылайша, қазақстандықтар 1 мамырға үш күн қатарынан демалады: 29, 30 сәуір және 1 мамыр.

Бұдан басқа, 5 мамыр сенбідегі демалыс күні 8 мамыр сейсенбіге ауыстырылып отыр. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

Бұл аптада қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады – 6 мен 9 мамыр аралығында.

 


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!