Қазақстандықтар күн сайын 3 млн теңгеге ноталар сатып алады – Ұлттық банк

12:34, 15 ақпан 2019
523

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандықтар 10 ай ішінде Ұлттық Банктің нотасына 987 млн теңгеден астам инвестиция салды.

Ұлттық банктің мәліметінше, «Invest Online» жүйесі арқылы халық күн сайын 3,1 млн теңгеден астам сомаға 32 мың қысқа мерзімді ноттарды сатып алады. Инвестициялардың жалпы көлемі 987,4 млн теңгені құрады.

2018 жылғы 27 наурызда халықтың ақшаны бағалы қағаздарға инвестициялауы үшін «Invest Online» инновациялық технологиялық өнімі іске қосылды. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға және кері сатуға мүмкіндік бере отырып, ақша инвестициялаудың қолжетімді тәсілі болып табылады.

Барлық операциялар онлайн режимде жүргізіледі. Бұл өнімді пайдалануға арнайы білімнің қажеті жоқ.

Invest Online жүйесі Ұлттық Банктің ноталарын комиссиясыз сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ақшаны жоғалту тәуекелі жоқ және салынған қаражатты жинақталған кірісімен кез келген сәтте қайтару мүмкіндігі бар.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!