Қазақстандықтар қандай тағамдарға тапсырыс беруді жөн көреді

11:55, 20 қараша 2019

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — «Яндекс.Такси» сервисі ел азаматтары Алматыдағы және Нұр-Сұлтандағы дәмханалар мен мейрамханалардан қандай тағамдарға тапсырыс беретіннін, сондай-ақ клиентке тапсырыс қаншалықты тез жеткізілетінін анықтады.

Тамақты жеткізу қызметі қосымшада осы жылы пайда болды: тамыз айында — Алматыда және қыркүйекте — Нұр-Сұлтанда.

Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың бургерге жиі тапсырыс беретіні анықталды. Екінші орында — қуырылған картоп, ал үшінші орында — пицца. Бургерлер арасында ең танымалы сиыр еті қосылған екі қабатты чизбургер болды, ал пиццалар ішінде «Пепперони» «Маргаритаға» қарағанда үлкен сұранысқа ие, сондай-ақ фри картопқа тапсырыс берушілердің саны көп.

Компанияда бургерлерге тапсырыстар санының өсуі Яндекс.Такси қосымшасы арқылы жеткізумен байланысты екенін атап өтті. Такси енді Алматыдағы барлық McDonald ‘ s мейрамханаларында қол жетімді.

Бұл ретте ұлттық тағамдарға сұраныстың аз екені байқалды.

Айта кетейік, сервистің дамыған алгоритмдерінің арқасында тағамдарды жеткізу жылдам — Қазақстан үшін орташа уақыт 30 минутты құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!