Қазақстандықтар қай елдің киімін киеді?

12:14, 22 ақпан 2019
469

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанға киім импорты 34,5 мың тоннаны құрады.

Бұл тауар көлемі сатып алушыларға 512,3 млн доллар болды.

Заттай мәнде импорт 4,9%-ке қысқарды, ал ақшалай мәнде 5,5%-ке өсті.

Өткен жылы киімнің ең көп көлемі Өзбекстаннан (10,1 мың тонна 18,4 млн доллар) келді. Ал, 2017 жылы Қытай аз мөлшерде болса да, жеткізу бойынша көшбасшы болды. Өткен жылы осы елден 83,5 млн долларға 8,5 мың тонна киім келіп түсті.

Ресей жыл ішінде 6,2 мың тонна аталған тауарды (158,2 млн доллар), Түркия – 4,6 мың тонна (98,5 млн доллар), Бангладеш – 1,9 мың тонна (42,9 млн доллар), Қырғызстан – 1 мың тонна (3 млн доллар), Иран – 228,7 тонна (133,9 мың доллар) жеткізді.

Қазақстан Үндістаннан 6,9 млн долларға 224,3 тонна, Египеттен – 3,9 млн долларға 222,6 тонна, Беларусьтен – 7,3 млн долларға 215,8 тонна, Камбоджадан – 5,7 млн долларға 186,1 тонна киім сатып алды.

Сонымен қатар, Пәкістаннан 3,5 млн долларға 169,2 тонна , Вьетнамнан 5,1 млн долларға 128,9 тонна, Мароккодан 5,9 млн 120,6 тонна, ал Италиядан 28,5 млн долларға 86,7 тонна тауар түсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!